Мақсаты мен міндеттері

Бейіндік мектеп - жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны.
2013 жылдан бастап ОӨК базасында жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптары ашылды.
Мектептің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларға тиісті бағыттар бойынша жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін беру;
2) жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын саралау, біріктіру және кәсіптік бағдарлау үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Жоғары жалпы білім беретін мектептің міндеттері:
1) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды даярлау арқылы оқытудың одан әрі траекториясын айқындау;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында айқындалған оқу пәндерінің базалық деңгейін асыра отырып, оқушыларды бейіндік пәндер бойынша оқыту;
3) тиісті бейіндегі колледждер мен ЖОО-ларда жұмысшы мамандықтарын немесе білім алуға оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
4) мәдениет деңгейі жоғары, қоғам өміріне бейімделген, кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және игеруге дайын зияткерлік тұлғаны қалыптастыру;
5) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;
6) оқушыларды әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру.

Қалалық білім беру бөлімінің 28.09.2013 жылғы № 642-Ө бұйрығы негізінде 2013 жылдан бастап ОӨК базасында жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптары ашылды.