Кәсіби бағдар беруші педагогтарға арналған семинар

2022 жылғы 2 қарашада ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Бейіндік мектебі» КММ базасында «Ерте кәсіптік бағдар» жобаны іске асыру бойынша кәсіби бағдар беруші педагогтарға арналған семинар өтті.

Іс-шарада:

·        кәсіптік бағдар беру жұмыс жүйесіндегі педагог-кәсіптік бағдар берушінің рөлі;

·        колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;

·        2022-2023 оқу жылының 2 тоқсанындағы кәсіптік бағдарлау іс-шараларының жоспары;

·        кәсіптік бағдар беруші педагогтарға арналған оқыту семинарларын өткізу мәселелері қаралды.

Топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылған диалог барысында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу бойынша оқыту семинарларының тақырыптары айқындалды.

2022 жылдың 16 қарашасында өтетін келесі жоспарланған семинарға қала колледждері мен ЖОО өкілдері қатысады.