КГУ «Профильная школа» отдела образования по г. Усть-Каменогорску УО ВКО
Официальный интернет-ресурс

1000 көшбасшы жобасының аясында резерв құрамына өткен әріптесіміз Ибраимова Р.Т. мектеп мұғалімдерімен және директор орынбсарларымен кездесуі

2024 жылдың 11 желтоқсанында 1000 көшбасшы жобасының резервтегі түлегі Ибраимова Рахат Тілеубердіқызы Өскемен қаласы мектептерінің мұғалімдері мен директордың орынбасарларымен кездесуі өтті.
Кездесуде жобаның өзекті мәселелері қаралды. Бұл курс Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша құрылғаны айтылды. Осы жобаның мақсаттары мен міндеттері, күтілетін нәтижелер және курстың мазмұны жарияланды. Жоба АҚШ, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты жетекші елдердің халықаралық тәжірибесі негізінде жасалған.
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің басшысы резервіне өту үшін бұл жоба барысында 6 кезеңнен өту қажет:
1. Порталға өтініштер мен құжаттарды беру кезеңі;
2. Үміткерлерді іріктеу (психометриялық тестілеу);
3. Аралық бағалаудан тұратын үш деңгейлі бағдарламадан өту;
4. НЗМ, БИЛ, РФМС базасында тағылымдамадан өту;
5. Сұхбат (проективті сұхбат).
Аттестаттаудан өткен резервист осы бос лауазымға конкурсқа қатыспастан білім беру ұйымының директоры лауазымын атқаруға және бір мезгілде жоғары санатты алуға құқылы. Сертификат екі жыл көлемінде жарамды болып саналады.